13
декабрь
2019
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні
Мектебімізде 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 06.12.19-16.12.19 аралығында жоспар жасалып іс-шаралар ұйымдастырылды.Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген желтоқсаноқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылды.Еліміздің тәуелсіздігі үшін қасық қандары қалғанша арпалысқан ата апаларымыздың рухын еске ала отырып 1 минуттық үнсіздік жарияланды.Салтанатты жиында көрініс қойылып,әдеби монтажға жалғасты.16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі,бұрыш ұйымдастырылды.5-7 сыныптар арасында спорттық сайыстар өтті.




