Нормативтік құжаттар - КГУ 'Средняя школа Амангельды'
азқамтылған, көпбала тізімі
Мектеп директоры:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ 2025-2026 оқу жылы
№	Оқушының аты-жөні:	Сыныбы:	Статусы
1	Алмасбекқызы Раяна	1	Көпбалалы
2	Әнекей Дана	1	Көпбалалы
3	Бақытжанқызы Қарақат	1	Кәсіподақ
4	Төлепберген Айперім	1	Көпбалалы
5	Әнекей Әли	2	Көпбалалы
6	Мауітқан Тыныс	2	Азқамтылған
7	Қаламқанқызы Еркежан	3	Көпбалалы
8	Боранбай Ердос	3	Көпбалалы
9	Қалымбекұлы Ердос	3	Көпбалалы
10	Төлеуханов Әлқайыр	3	Көпбалалы
11	Мақатқызы Арна	4	Көпбалалы
12	Сетерхан Дариға	4	Көпбалалы
13	Аймұхамбетұлы Мейіржан	4	Көпбалалы
14	Думанқызы Аяла	4	Көпбалалы
Жазғы сауықтыру бағдарлама
«ЖАЗ FEST»
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ
БЕРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Әзірлеуші: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша “Амангелді атындағы орта мектебі” КММ
Әзірленген жылы: 2026 жыл
МАЗМҰНЫ
№	Бөлім
Бет
1	Жалпы ережелер
3
2	Глоссарий
7
3	Бағыттылығы мен тақырыптамасы
12
4	Мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері
15
5	Құрылымы мен мазмұны
17
6	Іске асыру шарттары
34
7	Кадрлық және әдістемелік қамтамасыз ету
37
8	Іске асыру нәтижелерін мониторингтеу және бағалау
40
9	Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі	44
І БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бағдарламаның атауы
«1–4 сынып оқушыларына арналған «Жаз FEST» білім беру-сауықтыру бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) маусымдық стационарлық балалар білім беру-сауықтыру орталығы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының сапалы демалысын ұйымдастыруға, олардың тұлғалық, шығармашылық және әлеуметтік дамуын қолдауға, сондай-ақ физикалық және эмоционалдық саулығын нығайтуға бағытталған.
Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген заманауи тәрбиелік және сауықтыру моделіне негізделеді. Бағдарлама мазмұны білім беру, тәрбиелеу, шығармашылық, спорттық және танымдық бағыттарды кіріктіре отырып, әр қатысушының жеке әлеуетін дамытуға жағдай жасауға бағытталған.
Бағдарламаның тұжырымдамалық негізі – ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан, шығармашыл, жауапкершілігі жоғары және қоғамда өз орнын таба алатын тұлғаны тәрбиелеу идеясы болып табылады.
Бағдарлама аясында балалардың:
қарым-қатынас мәдениетін;
шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін;
 танымдық белсенділігін;
 командалық жұмыс дағдыларын;
 азаматтық жауапкершілігін;
салауатты өмір салтына қызығушылығын;
қоршаған ортаға қамқорлық көзқарасын дамытуға ерекше назар аударылады.
Бағдарламаның негізгі ерекшелігі – жазғы сауықтыру маусымының бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған бір тақырыптық ауысым арқылы жүзеге асырылуы.
Бағдарлама барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, достық қарым-қатынас орнату, шығармашылық белсенділікті дамыту, спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру, экологиялық және патриоттық тәрбие беру бағытындағы түрлі мәдени-көпшілік, танымдық және ойын бағдарламалары өткізіледі.
Бағдарламаны «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ жүзеге асырады.
Бағдарламаны іске асыру орны: «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ,  Зайсан ауданы, Біржан  ауылы
Ұйым қызметін күндізгі форматтағы балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы форматында жүзеге асырады.
Жұмыс істеу кезеңі 2026 жылғы 28мамырдан  1 маусымға дейін жүзеге асырылады.
Бір ауысымның ұзақтығы – 5 күнтізбелік күн.
Жалпы ауысым саны – 1.
Балалардың жалпы саны – 23.
Бағдарлама толыққанды демалысты, сауықтыруды, балалардың білім беру және тәрбиелік қызметін ұйымдастыруға қолайлы ортада жүзеге асырылады. Бағдарлама «Амангелді атындағы орта мектебі» базасында өткізіледі.
Мектептің инфрақұрылымына спорт алаңдары, демалыс аймақтары, шығармашылық кеңістіктер, танымдық және ойын іс-шараларын өткізуге арналған кабинеттер мен ашық алаңдар кіреді.
«Амангелді атындағы орта мектебі» білім беру ортасы балалардың демалысын, сауықтыруын, шығармашылық дамуын және әлеуметтік тәжірибесін үйлестіруге мүмкіндік беретін қауіпсіз, қолдаушы және дамытушы орта құруға бағытталған.
Бағдарлама аясында шығармашылық шеберлік сағаттары, танымдық ойындар, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, квестік бағдарламалар, интерактивті сабақтар, логикалық тапсырмалар, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Баланың жеке тұлғасына құрмет көрсету, бастамашылдығын қолдау, ынтымақтастық дағдыларын, экологиялық сананы, азаматтық жауапкершілікті және Қазақстан Республикасының мәдени мұрасына құрметті қалыптастыру қағидаттарына негізделген заманауи тәрбиелік ортаны құруға ерекше назар аударылады.
.Бағдарламаны әзірлеудің құқықтық негіздері
Бағдарлама Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандарды оқыту, тәрбиелеу, сауықтыру және демалысын ұйымдастыру саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленді:
1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
2.«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_
3.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 237 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында балаларды сауықтыру және демалысын ұйымдастыру қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500037091
4.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балаларды сауықтыру және шипажай объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029092
5.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329#z1882
6.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы
https://uba.edu.kz/storage/app/media/99999%20VVV%20MMM%20RS%20RS.pdf
7.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-292/2020 бұйрығымен бекітілген Сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021842
8.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген Білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, терроризм тұрғысынан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027414
9.Кәмелетке толмағандардың демалысын, сауықтырылуын, тәрбиесін, қосымша білім алуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.
Жазғы маусымдағы тақырыптық ауысымдар тұжырымдамасы
№	Ауысым атауы	Негізгі идеясы
1	«Жаз FEST»	1–4 сынып оқушыларының қауіпсіз әрі қызықты демалысын ұйымдастыру, достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттау
Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері
Бағдарламаның негізгі ерекшелігі – жазғы сауықтыру маусымының бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес бір тақырыптық ауысым негізінде ұйымдастырылуы болып табылады. Бағдарлама 1–4 сынып оқушыларының психологиялық, танымдық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген.
Бағдарлама аясында балалардың жаңа ортаға бейімделуіне, достық қарым-қатынас орнатуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыруға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыруға ерекше назар аударылады.
Бағдарлама мазмұны білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру, шығармашылық және спорттық бағыттарды біріктіреді. Ауысым барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерді дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бағдарлама аясында танымдық ойындар, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, шығармашылық шеберлік сағаттары, квестік бағдарламалар, логикалық тапсырмалар, патриоттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
Бағдарламаның ерекшелігі – балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қауіпсіз, қолдаушы және ынталандырушы орта қалыптастыру арқылы әр қатысушының жеке әлеуетін ашуға жағдай жасауында.
Глоссарий
Негізгі ұғымдар мен терминдер
1.бейімделу – балалардың жазғы алаң жағдайына, жаңа ортаға, күн тәртібіне және ұжымдық іс-әрекетке икемделу процесі;
2.бейімделу кезеңі – қатысушылардың бір-бірімен танысуына, алаң ережелерін меңгеруіне, достық қарым-қатынас пен жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған бастапқы кезең;
3.тіршілік қауіпсіздігі – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған санитариялық-гигиеналық, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіз мінез-құлық талаптарының сақталу жағдайы;
4.тәлімгер – балалардың күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыратын, олардың іс-шараларға қатысуына қолдау көрсететін және қауіпсіздігін бақылайтын педагог;
5.тәрбиеші – тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыратын, балалардың тәртібі мен тәрбиесіне жауап беретін педагог қызметкер;
6.тәрбиелік қызмет – балалардың адамгершілік, патриоттық, мәдени және әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырылған жұмыс жүйесі;
7.уақытша балалар ұжымы – ортақ іс-шаралар мен қарым-қатынас арқылы біріккен балалар тобы;
8.ойын технологиялары – балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойындар, сайыстар, квестер және топтық тапсырмалар қолданылатын педагогикалық тәсіл;
9.балалардың өзін-өзі басқаруы – балалардың іс-шараларды ұйымдастыруға, ұжымдық жұмыстарға белсенді қатысуы және бастамашылық танытуы;
“Амангелді атындағы орта мектебі» – балалардың демалысын, тәрбиесін және бос уақытын ұйымдастыру жүзеге асырылатын білім беру ұйымы;
10.салауатты өмір салты – дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, тазалық сақтау және пайдалы әдеттерді қалыптастыруға бағытталған өмір салты;
11.командалық жұмыс – ортақ мақсатқа жету үшін балалардың бірлесіп әрекет етуі және өзара қолдау көрсетуі;
12.шығармашылық шеберхана – сурет салу, қолөнер, ән, би және шығармашылық жұмыстар арқылы балалардың қабілеттерін дамыту алаңы;
13.медиасауаттылық – ақпаратты дұрыс қабылдау, қауіпсіз пайдалану және цифрлық мәдениетті сақтау қабілеті;
14.бағдарламаны іске асыру мониторингі – өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бақылау және нәтижелерін талдау жүйесі;
15.эмоционалдық жағдай мониторингі – балалардың көңіл күйін бақылау және психологиялық қолдау көрсету жұмыстары;
16.ұлттық құндылықтар – қазақ халқының тіліне, мәдениетіне, дәстүріне және рухани мұрасына құрмет көрсетуге негізделген тәрбие бағыты;
17.білім беру қызметі – балалардың танымдық қызығушылығын, логикалық ойлауын және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
18.білім беру-сауықтыру бағдарламасы – балалардың демалысын, тәрбиесін, шығармашылық және танымдық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені;
19.сауықтыру қызметі – балалардың денсаулығын нығайтуға, дене белсенділігін арттыруға және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар;
20.жасақ – ортақ іс-шараларға қатысу үшін біріктірілген балалар тобы;
21.ауысымның жоспар-кестесі – күндер бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары көрсетілген құжат;
22.жобалық жұмыс – балалардың шығармашылық немесе танымдық тапсырмаларды топпен орындауына негізделген жұмыс түрі;
23.психологиялық сүйемелдеу – балалардың эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған қолдау жұмыстары;
24.күн тәртібі – балалардың демалыс, ойын, тамақтану және іс-шара уақыттарының реттелген жүйесі;
25.рефлексия – күн соңында балалардың өз әсерлерін, жетістіктерін және көңіл күйлерін талқылауы;
26.ауысым – белгілі бір мерзімде ұйымдастырылатын демалыс және тәрбиелік іс-шаралар кезеңі;
27.ұжымдық шығармашылық жұмыс – балалардың бірлесіп шығармашылық тапсырмалар орындауы;
28.цифрлық қауіпсіздік – интернет пен цифрлық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану дағдылары;
29.ауысым қатысушылары – бағдарламаға қатысатын балалар және оны ұйымдастыратын педагог қызметкерлер;
30.экологиялық мәдениет – табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
31.эмоционалдық интеллект – өз эмоциясын және өзгенің көңіл күйін түсіну, дұрыс қарым-қатынас орната білу қабілеті;
32.«Цифрлық үзіліс» – балалардың телефон мен әлеуметтік желіні шектеп, белсенді ойындар мен тірі қарым-қатынасқа көңіл бөлуі;
33.«Болашақ туралы әңгіме» – балалардың арман-мақсаты, мамандықтар және болашақ туралы пікір алмасу алаңы;
34.ұлттық ойындар – қазақ халқының ұлттық ойындары негізінде ұйымдастырылатын спорттық және танымдық іс-шаралар;
35.шығармашылық бағыт – балалардың өнерге, қолөнерге және шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын дамыту бағыты;
36.«Адал азамат» – адалдыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған тәрбие тұжырымдамасы;
37.«Жауапты азамат» – мәдениетті, тәрбиелі, белсенді және елін құрметтейтін тұлға бейнесі.
3-БӨЛІМ. БАҒЫТТЫЛЫҒЫ МЕН ТАҚЫРЫПТАМАСЫ
Бағдарламаның бейіндік бағыттылығы
Бағдарлама әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиелік және сауықтыру бағытына негізделген. Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық белсенділігін, қарым-қатынас мәдениетін, ұлттық құндылықтарға құрметін және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның негізгі идеясы – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру арқылы олардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына жағдай жасау, достық қарым-қатынас қалыптастыру, белсенділікке баулу және өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру болып табылады.
Бағдарлама 1–4 сынып оқушыларына арналған бір тақырыптық ауысым негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына және психологиялық қажеттіліктеріне сәйкес ұйымдастырылған.
Бағдарлама аясында:
балалардың жаңа ортаға бейімделуіне;
 достық және ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыруға;
 шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыруға;
 ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраға қызығушылығын дамытуға;
салауатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға;
ұжымдық жұмыс пен жауапкершілікке тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.
Бағдарлама білім беру, тәрбиелік, шығармашылық, спорттық және ойын әрекеттерін өзара кіріктіре отырып ұйымдастырылады. Бағдарлама барысында ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, танымдық ойындар, командалық сайыстар, патриоттық және экологиялық іс-шаралар өткізіледі.
Бағдарламаның тақырыптық мазмұны
Бағдарламаның тақырыптық мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың шығармашылық, танымдық, әлеуметтік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету идеясына негізделген.
Бағдарлама қатысушыларға ұлттық құндылықтарды, достықты, ынтымақтастықты, салауатты өмір салтын және мәдени қарым-қатынасты дәріптей отырып, демалысты мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Жаз FEST» ауысымы балалардың:
– жаңа ортаға бейімделуіне;
– шығармашылық қабілеттерін дамытуына;
– танымдық қызығушылығын арттыруға;
– белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға;
– ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағдарлама мазмұны шығармашылық шеберлік сағаттары, танымдық сабақтар, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, логикалық тапсырмалар, командалық ойындар, мәдени-көпшілік іс-шаралар және сауықтыру белсенділіктері арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның өзектілігін негіздеу
Бағдарламаның өзектілігі балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың бос уақытын мазмұнды өткізу және қауіпсіз ортада жан-жақты дамуына жағдай жасау қажеттілігімен байланысты.
Қазіргі уақытта балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарға қызығушылығын дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Бағдарлама балалардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық ойлауын, ұжыммен жұмыс жасау қабілеттерін және әлеуметтік белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында ұйымдастырылатын ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық жұмыстар, танымдық іс-шаралар мен топтық тапсырмалар балалардың өз қабілеттерін ашуына, достық қарым-қатынас орнатуына және белсенді ортаға бейімделуіне жағдай жасайды.
Бағдарлама балалардың демалысын ұйымдастырумен қатар, олардың тұлғалық дамуына, мәдени құндылықтарды құрметтеуіне және өзара сыйластық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Мақсатты аудиторияның сипаттамасы
Бағдарлама 1–4 сынып оқушыларына арналған.
Бағдарлама мазмұнын әзірлеу барысында балалардың жас ерекшеліктері, қызығушылықтары, белсенділік деңгейі, қарым-қатынасқа бейімділігі және шығармашылық қабілеттері ескерілді.
Бағдарлама танымдық ойындарға, шығармашылық жұмыстарға, спорттық белсенділіктерге және ұжымдық іс-шараларға қызығушылық танытатын бастауыш сынып оқушыларына бағытталған.
Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне, психологиялық қажеттіліктеріне және жеке қабілеттеріне бейімделген.
Бағдарлама аясында әр қатысушының шығармашылық, спорттық, танымдық және командалық жұмыстарға белсенді қатысуына мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастырылады.
Бағдарламаның жаңашылдығы мен ерекшеліктері
Бағдарламаның жаңашылдығы – тәрбиелік, білім беру, шығармашылық және сауықтыру бағыттарын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес біртұтас ортада үйлестіре ұйымдастыруында.
Бағдарламаның ерекшелігі – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге бағытталған ұлттық, танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шаралардың өзара байланыста ұйымдастырылуында.
Бағдарламада ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерді дамыту, ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағыттары біріктірілген.
Бағдарлама аясында шығармашылық шеберлік сағаттары, танымдық ойындар, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, логикалық тапсырмалар, командалық сайыстар және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қатысушылар өз қабілеттерін көрсетуге, жаңа достар табуға, бастамашылдық танытуға және түрлі шығармашылық жұмыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
Бағдарламаның маңызды ерекшелігі – балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қауіпсіз, қолдаушы және ынталандырушы орта қалыптастыру арқылы олардың белсенді демалыс мәдениетін дамытуға бағытталуында.
4-БӨЛІМ. МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
Бағдарламаның мақсаты
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың шығармашылық, танымдық, әлеуметтік және дене дамуына жағдай жасайтын қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру-сауықтыру ортасын қалыптастыру.
Бағдарлама ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, шығармашылық және танымдық белсенділікті арттыру арқылы балалардың жан-жақты дамуына бағытталған.
Бағдарлама балалардың достық қарым-қатынас орнатуына, өз қабілеттерін танытуына, белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруына және ұжымдық ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Бағдарламаның міндеттері
Білім беру міндеттері
балалардың ұлттық құндылықтарға, мәдениетке және салт-дәстүрлерге құрметін қалыптастыру;
танымдық қызығушылығын, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
қарым-қатынас мәдениетін, ұжымдық жұмыс және жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру;
балалардың шығармашылық, спорттық және тұлғалық қабілеттерін ашуға жағдай жасау
балалардың өз ойын еркін жеткізуіне және белсенді қатысуына қолдау көрсету;
танымдық ойындар, шығармашылық жұмыстар және топтық тапсырмалар арқылы белсенділік мәдениетін қалыптастыру.
Сауықтыру міндеттері
балалардың физикалық және эмоционалдық денсаулығын нығайтуға жағдай жасау;
салауатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
қимылды ойындар мен спорттық жарыстар арқылы дене белсенділігін арттыру;
балалардың эмоционалдық сергіуіне және жағымды көңіл күй қалыптастыруға жағдай жасау;
табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
 балалар үшін қауіпсіз, жайлы және қолдаушы орта ұйымдастыру;
бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру арқылы белсенді демалыс мәдениетін дамыту.
Бағдарламаны іске асырудың күтілетін нәтижелері
Бағдарлама нәтижесінде:
қатысушылардың барлығы тәрбиелік, танымдық, спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралармен қамтылады;
балалардың шығармашылық, спорттық және танымдық белсенділігі артады;
қатысушылардың қарым-қатынас мәдениеті мен ұжыммен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады;
балалардың ұлттық құндылықтарға, мәдениетке және салт-дәстүрлерге қызығушылығы артады;
салауатты өмір салтына және қауіпсіз мінез-құлыққа оң көзқарас қалыптасады;
балалардың шығармашылық қабілеттері мен өзін-өзі таныту белсенділігі дамиды;
қатысушылардың эмоционалдық жайлылығы мен жаңа ортаға бейімделу деңгейі жақсарады;
әр қатысушының белсенді демалысқа, достық қарым-қатынасқа және ұжымдық ортаға қатысу тәжірибесі қалыптасады.
5-БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Бағдарлама біртұтас «Білім беру және сауықтыру» модулі арқылы жүзеге асырылады.
Модуль балалардың күнделікті іс-әрекетімен кіріктіріліп, олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, қарым-қатынас мәдениетін, дене белсенділігін және эмоционалдық дамуын қолдауға бағытталған.
Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және мектеп жанындағы жазғы алаңның ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.
Модуль аясында:
танымдық және дамытушы сабақтар;
шығармашылық шеберлік сағаттары;
логикалық ойындар мен викториналар;
сурет салу және қолөнер жұмыстары;
ұлттық және қимылды ойындар;
спорттық жарыстар мен эстафеталар;
танымдық сайыстар;
командалық ойындар;
сергіту сәттері;
қауіпсіздік және салауатты өмір салты туралы әңгімелер ұйымдастырылады.
«Туған өлке және ұлттық құндылықтар» бағыты
Бағыт балалардың туған жерге сүйіспеншілігін, ұлттық құндылықтарға құрметін, достық пен ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бағыт аясында:
«Менің Отаным – Қазақстан» танымдық сағаты;
«Ертегілер әлемі» оқу сағаты;
«Ұлттық ойындар күні»;
«Достық әлемі» командалық ойыны;
 «Туған жер бояулары» сурет байқауы;
 мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сайысы ұйымдастырылады.
«Шығармашылық және таным әлемі» бағыты
Бағыт балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын, танымдық белсенділігін және өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Бағыт аясында:
сурет салу және қолөнер шеберханалары;
логикалық және танымдық ойындар;
ән және би байқаулары;
ертегі кейіпкерлері фестивалі;
«Көңілді старттар» спорттық сайыстары;
театрландырылған көріністер;
 шығармашылық кештер ұйымдастырылады.
Бағдарлама балалардың қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы демалысын ұйымдастыруға, олардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған.
Қызмет мазмұны	Іске асыру формалары	Күтілетін нәтиже
Қазақстанның тарихы, мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру	танымдық сағаттар, викториналар, квест, сурет байқаулары	оқушылардың туған жер тарихына қызығушылығы артады, ұлттық құндылықтарды құрметтеуі қалыптасады.
Жас ерекшелігіне сай танымдық және дамытушы ойындар	логикалық ойындар, командалық тапсырмалар
танымдық сайыстар	танымдық белсенділігі, ойлау және қарым-қатынас дағдылары дамиды
Ұлттық мұра мен салт-дәстүрді дәріптеу	ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер сайысы	ұлттық сана, достық және патриоттық сезім қалыптасады
Шығармашылық қабілеттерді дамыту	Сурет салу, қолөнер байқаулары, театрланған көріністер	шығармашылық қабілеттері мен өз ойын еркін жеткізу қабілеті дамиды
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
спорттық ойындар, эстафеталар, сергіту жаттығулары	Салауатты өмір салтын қалыптастыру
спорттық ойындар, эстафеталар, сергіту жаттығулары	Салауатты өмір салтын қалыптастыру
спорттық ойындар, эстафеталар, сергіту жаттығулары
Қозғалыс белсенділігі артады, денсаулықты күту дағдылары	Қозғалыс белсенділігі артады, денсаулықты күту дағдылары	Қозғалыс белсенділігі артады, денсаулықты күту дағдылары
Жалпы күтілетін нәтиже
1–4 сынып оқушыларының:
танымдық қызығушылығы артады;
шығармашылық белсенділігі дамиды;
достық және ынтымақтастық дағдылары қалыптасады;
ұлттық құндылықтарға құрметі артады;
салауатты өмір салтына қызығушылығы қалыптасады;
ұжыммен жұмыс жасау және қарым-қатынас мәдениеті дамиды;
белсенді әрі мазмұнды демалыс дағдылары қалыптасады.
Сауықтыру және белсенді демалыс бағыты
Сауықтыру және белсенді демалыс бағыты балалардың физикалық белсенділігін арттыруға, жағымды эмоционалдық орта қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағыт аясында:
таңғы жаттығулар;
қимылды ойындар;
ұлттық ойындар;
спорттық сайыстар;
«Көңілді старттар»;
таза ауадағы серуендер;
сергіту сәттері;
көңіл көтеру және командалық ойындар ұйымдастырылады.
Күтілетін нәтиже
балалардың қозғалыс белсенділігі артады;
жағымды көңіл күй қалыптасады;
достық қарым-қатынас нығаяды;
ұжыммен әрекет ету дағдылары дамиды;
салауатты өмір салтына қызығушылығы қалыптасады;
қауіпсіз мінез-құлық дағдылары жетілдіріледі.
«Жаз FEST» (1–4 сыныптар)
№	Күн атауы	Негізгі мазмұны	Педагогикалық міндеті
1	Танысу күні	Жазғы алаңмен танысу, топ құру, қауіпсіздік ережелері, ашылу салтанаты, танысу ойындары	Балаларды ортаға бейімдеу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, достық қарым-қатынас орнату
2	Достық күні	Тимбилдинг ойындары, қимылды ойындар, «Достық әлемі» сайыстары, сергіту жаттығулары	Қарым-қатынас мәдениетін дамыту, ұжымдық бірлікті қалыптастыру
3	Шығармашылық күні	Сурет салу, қолөнер жұмыстары, ән-би байқауы, «Менің арманым» шығармашылық тапсырмасы	Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін еркін көрсетуге жағдай жасау
4	Спорт және ұлттық ойындар күні	Ұлттық ойындар, эстафеталар, «Көңілді старттар», спорттық жарыстар	Дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтына қызығушылық қалыптастыру
5	Қорытынды күн	Шығармашылық концерт, марапаттау, рефлексия, достық флешмобы	Балалардың жетістіктерін қолдау, жағымды эмоциялық қорытынды қалыптастыру
«Жаз FEST» (1–4 сыныптар)
1-күн – «Танысу және достық күні»
1.«Жаз FEST-ке қош келдің!» – жазғы алаңмен танысу, қауіпсіздік ережелері, мектеп ауласымен таныстыру
2.«Дос болайық!» – танысу тренингі және көңілді ойындар
3.«Бірлік әлемі» – командалық және қимылды ойындар
2-күн – «Көңілді ойындар күні»
1.«Достық шеңбері» – достыққа арналған тренингтер мен сергіту ойындары
2.«Көңілді старт» – таңғы жаттығу және эстафеталық сайыстар
3.«Ойын әлемі» – қимылды және ұлттық ойындар
3-күн – «Шығармашылық күні»
1.«Шебер қолдар» – сурет салу және қолөнер шеберханасы
2.«Менің арманым» – шығармашылық жұмыстар көрмесі
3.«Өнерлі бала» – ән, би және өнер кеші
4-күн – «Спорт және денсаулық күні»
1.«Шапшаң бала» – спорттық жарыстар мен эстафеталар
2.«Ұлттық ойындар» – асық ату, арқан тарту, ләңгі ойындары
3.«Таза ауадағы ойындар» – ашық алаңдағы көңілді белсенділіктер
5-күн – «Қорытынды және мереке күні»
1.«Менің жазғы алаңым» – рефлексия және әсер алмасу
2.«Жаз FEST шоу» – қорытынды концерт және флешмоб
3.«Жұлдызды сәт» – марапаттау және жабылу рәсімі
窗体顶端
6-БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ
Бағдарламаны іске асырудың ұйымдастырушылық шарттары
Қатысушылардың қызметі күн тәртібі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, өмір қауіпсіздігі талаптары, балалардың жас ерекшеліктері және ауысымдардың тақырыптық мазмұнына сәйкес ұйымдастырылады.
Қатысушыларды отрядтарға бөлу олардың жас санаты, психологиялық үйлесімділігі, қызығушылықтары және ауысым бағыты ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Отрядтардың толымдылығы қолданыстағы санитарлық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес белгіленеді.
Ауысым барысында білім беру, шығармашылық, жобалық, спорттық, ойын және сауықтыру қызметтерінің ұтымды алмасуы қамтамасыз етіледі.
Материалдық-техникалық шарттар
Бағдарламаны іске асыру үшін келесі инфрақұрылым пайдаланылады:
бастауыш сынып кабинеттері
акт залы;
спорт алаңдары;
кітапхана және ақпараттық ресурстар;
медициналық пункт;
асхана және тұрмыстық инфрақұрылым нысандары.
Бағдарлама іс-шараларын өткізу үшін:
ноутбуктер және мультимедиялық құралдар;
проекциялық жабдық;
фото және бейне түсіру жабдықтары;
музыкалық аппаратура;
спорттық инвентарь;
үстел ойындары мен интеллектуалдық материалдар;
шығармашылық және жобалық қызметке арналған материалдар қолданылады.
Материалдық-техникалық база қатысушыларға қауіпсіз, қолжетімді және әртүрлі белсенділік түрлерін қамтитын заманауи білім беру-сауықтыру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Санитарлық-гигиеналық шарттар
Қатысушылардың қызметі Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Лагерьде келесі шарттар қамтамасыз етіледі:
бөлмелерді желдету және санитарлық өңдеу режимі;
тамақтану сапасын бақылау;
ауызсу режимі;
жеке гигиена талаптарын сақтау;
күнделікті медициналық бақылау;
профилактикалық іс-шаралар.
Балалардың шамадан тыс шаршауын болдырмауға, жүктемені дұрыс бөлуге және демалыс режимін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары
Қатысушылардың қауіпсіздігі бағдарламаны іске асырудың басты басымдығы болып табылады.
Лагерь аумағында:
өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
антитеррористік қауіпсіздік;
аумаққа кіруді бақылау;
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар;
педагогтардың сүйемелдеуі;
медициналық қолдау;
Барлық іс-шаралар алдында қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізіледі және арнайы журналдарға тіркеледі.
Психологиялық-педагогикалық шарттар
Бағдарлама жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерді ескере отырып жүзеге асырылады.
Лагерьде қатысушылар үшін қауіпсіз, қолдаушы және ынталандырушы психологиялық орта қалыптастырылады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу келесі бағыттарды қамтиды:
бейімделу іс-шаралары;
командалық жұмыс практикалары;
эмоционалдық жағдайды бақылау;
жеке педагогикалық қолдау;
рефлексиялық кездесулер;
конфликттердің алдын алу;
қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға, эмоционалдық интеллектті дамытуға және балалар бастамасын қолдауға ерекше мән беріледі.
Ақпараттық-әдістемелік шарттар
Бағдарламаны ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:
тақырыптық ауысымдарға арналған әдістемелік материалдар;
іс-шара сценарийлері;
тренингтер мен мастер-кластар әзірлемелері;
жобалық және шығармашылық қызмет бағдарламалары;
медиа және цифрлық ресурстар;
педагогтарға арналған нұсқаулық материалдар;
қауіпсіздік, медиасауаттылық және салауатты өмір салты бойынша ақпараттық материалдар.
Қатысушылар үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық орта құрылады.
Бағдарламаны іске асыру режимі
Күн тәртібі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылады және келесі қызмет түрлерін қамтиды:
таңғы сауықтыру жаттығулары;
білім беру және шығармашылық іс-шаралар;
спорттықбелсенділіктер;
командалық және тәрбиелік іс-шаралар;
рефлексиялық практикалар.
Бағдарлама мазмұнының үлесі:
45% – спорттық-сауықтыру, қимылды ойындар, outdoor белсенділіктер, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
55% – білім беру, тәрбиелік, шығармашылық, жобалық, медиа және мәдени-демалыс қызметі.
7-БӨЛІМ. КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Кадрлық қамтамасыз ету
«Жаз FEST» лагерінде бағдарламаны іске асыру педагогикалық, медициналық және өзге де қызметкерлердің кәсіби құрамымен қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны жүзеге асыруға лагерь басшысы, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, аға тәлімгер,тәрбиешілер, педагог-психолог, спорт нұсқаушылары, медициналық қызметкерлер, шығармашылық бағыт жетекшіcі және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлер тартылады.
Кадрлық құрам педагогикалық біліктілік, кәсіби құзыреттілік, балалармен жұмыс тәжірибесі және заманауи тәрбиелік технологияларды қолдануға дайындық негізінде қалыптастырылады.
Педагогтер келесі бағыттар бойынша құзыретті болуы тиіс:
заманауи тәрбие технологиялары;
командалық жұмыс және тимбилдинг әдістері;
спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру;
медиасауаттылық және цифрлық қауіпсіздік негіздері;
Педагогтердің басты міндеті – қауіпсіз, қолдаушы және дамытушы ортаны қалыптастыру, балалардың белсенділігі мен эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ету.
Жазғы маусым басталар алдында педагогикалық құрамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама, біліктілікті арттыру семинарлары, әдістемелік кеңестер, командалық және жобалық жұмыс тренингтері, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға арналған арнайы дайындық жүргізіледі.
Педагог қызметкерлерінің функционалдық міндеттері
Лагерь басшысы – бағдарламаның жалпы орындалуын басқарады, ұйымдық жағдайларды қамтамасыз етеді, тәрбие және сауықтыру жұмыстарының сапасын бақылайды, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалайды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар – тәрбие іс-шараларын ұйымдастырады, тақырыптық ауысымдардың жүзеге асырылуын үйлестіреді, педагогикалық құрамның жұмысын бақылайды.
Тәрбиешілер – балалардың күнделікті өмірін ұйымдастырады, тәрбиелік, ойын, шығармашылық және спорттық іс-шараларды өткізеді, ұжымдық рухты қалыптастырады.
Педагог-психолог – психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асырады, бейімделу жұмыстарын жүргізеді, эмоционалдық жағдайды бақылайды, конфликттердің алдын алады.
Спорт нұсқаушы – спорттық, ұлттық және outdoor іс-шараларды ұйымдастырады, балалардың дене белсенділігін арттырады.
Медициналық қызметкер – балалардың денсаулығын бақылайды, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді, алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Әдістемелік қамтамасыз ету
Бағдарламаның әдістемелік базасы – тақырыптық ауысымдарды сапалы іске асыруға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық, дидактикалық және ақпараттық материалдар жүйесі.
Әдістемелік қамтамасыз етуге мыналар кіреді:
тақырыптық ауысым бағдарламалары;
іс-шаралар жоспар-кестелері;
сценарийлер мен тренингтер;
шеберлік сабақтары мен практикумдар;
командалық және коммуникациялық ойындар;
қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар;
диагностика және мониторинг материалдары;
медиа және цифрлық ресурстар.
Бағдарламаны іске асыруда келесі заманауи педагогикалық технологиялар қолданылады:
ойын технологиялары;
тренингтік әдістер;
коллективтік шығармашылық іс-әрекет;
рефлексия және эмоционалдық қолдау әдістері.
Ақпараттық-коммуникациялық сүйемелдеу
Бағдарлама аясында заманауи ақпараттық-коммуникациялық орта қалыптастырылады. Ол медиа кеңістіктерді, digital платформаларды, ақпараттық стендтерді, фото-бейне сүйемелдеуді және қатысушылардың медиаконтент жасауын қамтиды.
Бұл орта балалардың медиасауаттылығын, цифрлық қауіпсіздігін, шығармашылық белсенділігін және жобалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Педагогикалық құрамды әдістемелік қолдау
Жазғы маусым бойы педагогтерге әдістемелік кеңестер, жиналыстар, рефлексиялық кездесулер, тәжірибе алмасу сессиялары, жедел жоспарлау және әдістемелік сағаттар өткізіледі.
Бұл жұмыс бағдарламаны сапалы іске асыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және лагерьдегі біртұтас тәрбиелік ортаны қалыптастыруға бағытталған.
8-бөлім. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін мониторингтеу және бағалау
Бағдарламаны мониторингтеудің жалпы тәсілдері
«Жаз FEST» лагерінде жүзеге асырылатын бағдарламаны мониторингтеу – қатысушылардың білім беру, тәрбиелік, шығармашылық, спорттық-сауықтыру және жобалық қызметінің тиімділігін бағалауға бағытталған жүйелі процесс.
Мониторинг нәтижелері негізінде іс-шаралардың мазмұнына қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі және педагогикалық жұмыстың сапасы жетілдіріледі.
Мониторингтің негізгі бағыттары
Мониторинг келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
білім беру нәтижелері;
тәрбиелік нәтижелер;
сауықтыру және дене белсенділігі деңгейі;
әлеуметтік және тұлғалық даму көрсеткіштері.
Бағалау барысында қатысушылардың:
жобалық және шығармашылық қызметке қатысу белсенділігі;
коммуникациялық және көшбасшылық қабілеттері;
эмоционалдық жағдайы және психологиялық жайлылығы;
салауатты өмір салтына бейімділігі қарастырылады.
Мониторингтің формалары мен әдістері
Бағдарлама тиімділігін бағалау үшін келесі әдістер қолданылады:
сауалнама жүргізу;
сұхбат және әңгімелесу;
рефлексиялық кездесулер
іс-шараларға қатысуды талдау;
кері байланыс жинау.
Педагогикалық бақылау қатысушылардың белсенділік деңгейін, топтық өзара әрекетін және іс-шараларға қатысуын анықтауға мүмкіндік береді.
Сауалнама мен пікір жинау әдістері арқылы қатысушылардың лагерь жағдайына, іс-шаралардың мазмұнына және жалпы қанағаттану деңгейі анықталады.
Бағалау тиімділігінің критерийлері
Бағдарламаның тиімділігі келесі көрсеткіштер арқылы бағаланады:
қатысушылардың  іс-шараларға белсенді қатысуы;
командалық жұмыс сапасының артуы;
эмоционалдық жайлылық деңгейі;
спорттық және шығармашылық белсенділіктің өсуі;
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылықтың артуы;
қауіпсіз және қолдаушы ортаның қалыптасуы.
Бағдарлама нәтижелерін қорытындылау
Бағдарламаны қорытындылау лагерь аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Қорытындылау барысында:
қатысушылардың жетістіктері талданады;
жобалық және шығармашылық нәтижелер бағаланады;
педагогикалық жұмысқа талдау жүргізіледі;
келесі кезеңге ұсыныстар әзірленеді.
Мониторинг бағыты	Бағалау критерийлері	Мониторинг формалары мен әдістері	Бағалау деңгейі (балл)	Жауапты тұлғалар
Қатысушы-лардың бейімделуі	Қызметке араласу деңгейі, эмоционалдық жағдайы, ұжыммен өзара әрекет	Бақылау, әңгімелесу, сауалнама	1–3 балл — пассивті қатысу; 4–7 балл — тұрақты қатысу; 8–10 балл — жоғары белсенділік және бастамашылдық	Тәлімгерлер, педагог-психолог
Білім беру қызметі	Жобаларға қатысу белсенділігі, медиа және интеллектуалдық іс-шараларға араласу	Жобалық жұмыстарды талдау, презентациялар, бақылау	1–3 балл — төмен бейімделу; 4–7 балл — орта деңгей; 8–10 балл — жоғары бейімделу	 педагогтар
Тәрбиелік қызмет	Қарым-қатынас мәдениеті, жауапкершілік, құндылықтарға құрмет	Бақылау, әңгімелесу, қатысуды талдау	1–3 балл — төмен деңгей; 4–7 балл — жеткілікті деңгей; 8–10 балл — жоғары әлеуметтік белсенділік	Тәрбиешілер, педагог-психолог
Спорттық-сауықтыру қызметі	Спорттық іс-шараларға қатысу белсенділігі	Бақылау, спорттық жарыстар	1–3 балл — төмен белсенділік; 4–7 балл — тұрақты қатысу; 8–10 балл — жоғары физикалық белсенділік	Спорт нұсқаушылары
Эмоционалдық әл-ауқат	Психологиялық жайлылық, эмоционалдық тұрақтылық	Рефлексия, әңгімелесу, педагогикалық бақылау	1–3 балл — эмоционалдық қиындықтар; 4–7 балл — тұрақты жағдай; 8–10 балл — жоғары эмоционалдық комфорт	Педагог-психолог
Салауатты өмір салтын сақтау (СӨС)	Күн тәртібін сақтау, іс-шараларға қатысу	Бақылау, әңгімелесу, белсенділікті талдау	1–3 балл — төмен қатысу; 4–7 балл — жеткілікті қатысу; 8–10 балл — тұрақты мотивация	Тәрбиешілер, медқызметкерлер
Қатысушылардың қанағаттану деңгейі	жағдайына қатынасы	Сауалнама, кері байланыс	1–3 балл — төмен қанағаттану; 4–7 балл — орташа деңгей; 8–10 балл — жоғары қанағаттану	 педагог-психолог
Бағдарламаны іске асырудың қорытынды нәтижелері	Мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің орындалуы	Қорытынды іс-шараларды және жобаларды талдау	1–3 балл — ішінара орындалды; 4–7 балл — негізгі нәтижелерге қол жеткізілді; 8–10 балл — мақсаттар тиімді жүзеге асты	Лагерь басшылығы,
9-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамыз, өзгерістер мен толықтыруларымен);
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 жылғы 27 шілде № 319-III, өзгерістер мен толықтыруларымен);
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы (2019 жылғы 27 желтоқсан № 293-VІ);
Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы (2002 жылғы 8 тамыз № 345);
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі (2020 жылғы 7 шілде № 360-VI);
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы (2013 жылғы 21 мамыр № 94-V);
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы «Оқулықтар тізбесін бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығымен бекітілген «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығы «Балалар сауықтыру және санаторийлік объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы «Білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларын бекіту туралы».
Оқу-әдістемелік материалдар
Каникул кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Қарағанды, Білім беруді дамытудың әдістемелік орталығы, 2015 ж.;
2024–2026 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, ҚР Оқу-ағарту министрлігі;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022 ж.
Қосымша әдебиеттер
Тоқаев Қ.К. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»;
Қазақстан тарихы мен мәдениетіне арналған материалдар;
Қазақ халқының ұлттық ойындары мен дәстүрлері жинақтары;
Командалық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралдар;
Медиабілім және медиасауаттылық бойынша оқу құралдары;
Интернеттегі қауіпсіздік және цифрлық мәдениет бойынша материалдар;
Жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
Көшбасшылық және эмоционалдық интеллектті дамыту материалдары;
Тәрбиелік, спорттық және мәдени-демалыс іс-шараларының сценарий жинақтары;
Электрондық білім беру ресурстары және цифрлық платформалар;
Жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі комиссия:
1. Ахметкалиев Асқар Ахатұлы–мектеп директоры
2. Қинашев Нұрхан Құмарханұлы-тәлімгер
3. Кенесханов айбек кенесханұлы-қамқоршылық кеңесінің төрағасы
4. Жусанбаева Шынар Слямбекқызы-кәсіподақ ұйымының төрайымы
5. Жетпісхан Жазира-әлеуметтік педагог
6. Нұрдыбаева Салтанат Бауыржанқызы-педагог- психолог
7. Жаксыбаева Жанар Еренғалиқызы -мектеп медбикесі
2020-2021 оқу жылына арналған мектеп қызметкерлерінің тарифтік жоспары