Мектеп психологының «Ата – аналар оқуы» бағдарламасының ата – аналар тобына өткізілген курсы » КГУ 'Средняя школа Амангельды'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Амангелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп психологының «Ата – аналар оқуы» бағдарламасының ата – аналар тобына өткізілген курсы
24
январь
2020

Мектеп психологының «Ата – аналар оқуы» бағдарламасының ата – аналар тобына өткізілген курсы

22.01.20 – 24.01.20 аралығында «Ата – аналар оқуы» курсы өткізілді. Курстың мақсаты -   ата – аналарды балалар мен жеткіншектерді психологиялық қолдау мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Міндеті: 1. Балалар мен жеткіншектердің дамуының психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. 2. Балалар мен ата – аналардың қарым – қатынасының даму ерекшеліктері, мамандар мен отбасылар арасындағы өзара қарым – қатынастың психологиялық – педагогикалық аспектілері туралы білім деңгейін көтеру. 3. Ата – аналардың тәрбиелеу әдістері мен девиантты және аутодиструктивті (суицидтік) мінез – құлықтың алдын – алу жолдары арасындағы байланысты орнату дағдыдарын дамыту. 4. Мектеп жүйесіндегі ата – аналар және жеткіншектермен жұмыс істеудің тиімді моделін құру дағдыларын дамыту болып табылады. 
Жалпы ата – аналар курсында тақырыптар:
1.Бағдарламамен және бір-бірімен танысу, мақсаттар мен күтілімдерді түсіндіру.
2.Өмірлік стиль және өмірлік мақсаттар. Баланың мінез- құлқы. Артықшылықты сезіну. «Адлер теориясының негізгі ұғымдары».
3.Табиғи және логикалық салдары. Ата – аналар баланың қалаусыз әрекетіне (мадақтау, көмек, қолдау) Қажетті емес оқыту әдістері.
4.Тиімді қарым- қатынас: баланың тыңдағанын және оның айтқандарын қалай тыңдау керектігін қалай айтуға болады. Эмпатия
5.Жеткіншектердің депрессиясының, релаксация дағдысының ерекшеліктері6.Өмірлік тақырып: отбасындағы балалар, шекаралар, агрессия және қақтығыстар осы тақырыптар бойынша қамтылды. 
               22.01.20ж күні курс ата-аналармен танысу сәтімен басталып жүріп отырды. «Өмірлік стиль және өмірлік мақсаттар. Баланың мінез- құлқы. Артықшылықты сезіну. «Адлер теориясының негізгі ұғымдары» атты тақырыптың мақсаты, міндеті түсіндіріліп, баяндама оқылды. «Балалық шақтан естелік» жаттығуы орындалды. Топқа бөлініп карточкалармен жұмыс жүргізілді. Сергіту сәті «Импульс» ойыны жүргізілді. Көрініс «Шарф» осы көріністі көрсету арқылы баланың қандай жағдайда болатынын ата – ана өзі сезіну арқылы өз ойын айтып жеткізді. Қажет емес тәрбиелеу әдістері түсіндіріліп өтті. Эмпатия жайлы түсінік беріліп өтті, тақырыпты ашып көрсету  мақсатында « Екі жұп» жаттығуы қөрсетілді. Ағаштың суретін салу әдісі қолданылды. «Жүректен жүрекке» жылы лебіздерін ата – аналар бір – бірлеріне тілек айтып, қорытынды сөз айтылып кері байланыс жүрді. 23.01.20ж күні «табиғи және логикалық салдары. Ата – аналар баланың қалаусыз әрекетіне (мадақтау, көмек, қолдау) Қажетті емес оқыту әдістері» атты тақырыпта жүргізілді. Таныстыру « Менің атым ....» деп аталады. Ата – аналар ортаға шығып өзінің атын айтып атынын басқы әріпімен келетін қала атын және сол қаланың несі жақсы соны айтады. Тренинг тақырыпты түсіндірумен лекциямен басталды.Түсіндіріліп өткеннен кейін тақырыпты ашу мақсатында «Қызыл лента» жаттығуы өтті. Ата – аналараға сұрақ қойылып қандай күйде болғанын айтуы сұралды. «Дабыл қағу» . Релаксация музыкамен. «Қуыршақ» әдісі бұл кезеңде ата – аналар баласының өзін ренжіткен кезін еске түсіріп айтып берді. Бұл жаттығу арқылы  ата -   ана қай жерден қателескенін өзі түсініп, қандай күй кешкенін айтып берді. « Құрастырғыш » ата – аналарды жарыстыру мақсатында баланы мақтау мадақтау жолдарының орынды болуын түсіндірілді. Мұнда ата – аналар өзінің қателескен жолдарын айтып өздерінің ойларымен бөлісті.                24.01.20ж күні «Жеткіншектердің депрессиясының, релаксация дағдысының ерекшеліктері.Өмірлік тақырып: отбасындағы балалар, шекаралар, агрессия және қақтығыстар» осы тақырыптар бойынша қамтылды.Ата – аналармен бірге « Ауа райы» жаттығуы музыкамен өткізілді. Тақырып түсіндіріліп өтіп гүлді сыйлау арқылы «Өз жұртым үш бәйтерегім» жаттығуы жасалды. Релаксация өткізіліп ата – ана не нарсені ойлады соны пластелинмен жасап шығару сұралды. «Ақ парақ пен қара дақ» , « Бала тәрбиесі» тест алынды. Ассосация «Жанұя» жүректі беру арқылы ата – ана жауап береді. «Ашығын айтсам» ата – ана өзінің ойын айтады. « Алтын балық» жаттығыу. Бұл жаттығуды ең соныңда ерекше әсерлерімен бөлісу үшін жүргізіл.Тренигтің соңында ата – аналармен кері байланыс жүріп отырды. Ата – аналар бастапқыда қысылып өз ойларын анық айтпай кейіннен тақырыпты жақсы түсініп, жаттығулардың арқасында өз ойларын анық жеткізе бастады. Курстың соңында ата – аналар өзінің сезімімен бөлісіп жалпы курс жайлы ойларын жеткізді. Қорытынды сөз                                 Ата-анаға көз қуаныш,                                 Алдына алған еркесі, 
                                Көңіліне көп жұбаныш. 
  Гүлденіп ой-өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананыңқуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігімол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана   мен мектепөзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жанжақты дамыған  азамат болыпшығары сөзсіз.