«Ел ертеңі – білімді жас» атты физика-математика-информатика апталығы » КГУ 'Средняя школа Амангельды'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Амангелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ел ертеңі – білімді жас» атты физика-математика-информатика апталығы
03
февраль
2020

«Ел ертеңі – білімді жас» атты физика-математика-информатика апталығы

Мектеп оқушылары апталық  жоспарымен 27- қаңтарда таныстырылып,  жоспары ілініп,  үзіліс кезінде  викториналық сұрақтар ойнатылды.    5-7 сыныптар белсенді болды.  28 қаңтарда «Математика – қызықты әлем» атты       7 сыныптар арасында топтық сайыс өткізілді.   Осы күні 8,10,7 сыныптар «Жаһандану заманының үш алыбы» атты қабырға газеттерін жасап ілді. Газеттер мәнді, мағыналы, жаңалықтарға толы болды.   8-9 сыныптар арасында өткен «Білім деген- биік шың» атты физикалық сайыста   9 сынып оқушылары өте белсенді болды. Өз білімдерін көрсетті. 30 қаңтарда    бастауыш сыныптарда 1 сынып   оқушылары арасында 7 сынып белсенділері Айдарова, Болат Айдана, Өмірбекованың ұйымдастыруымен «Жас математик» сайысы ,   2 сынып оқушылары арасында 8 сынып белсенділері Меңкешова, Аймұхамбетқызының ұйымдастыруымен  «Математика әлемінде» топтық сайыс және 10 сынып белсенділері Қайратбек  Жансая мен Мамиева Диананың ұйымдастыруымен «Математиканың ғажайып әлемінде»,   9 сынып белсенділері Үкіметхан Ақбота, Болат Ажардың ұйымдастыруымен  4 сынып оқушылары арасында өткен  «Білімді мыңды жығар»  атты топтық сайыстар өте қызықты, тартымды өтті. Оқушылардың қатысуы, белсенділігі, қызығушылығы жоғары болды.   Қорытынды кеш 31 қаңтарда  7-10 сынып оқушыларынан құралған топтар арасында өткізілді. Сайыста «Болашақ» тобы жеңіске жетті.  Жоспарда көрсетілген  5-6 сыныптарға    «3D кітапты үй жағдайында жасау” мұғалімінің жағдайына байланысты    30 қаңтарда емес, 5 ақпанда өткізілді.