12
декабрь
2019
«Тәуелсіздік – елдігімнің белгісі» атты тарих апталығы
Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған апталықтың оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды. Тәуелсіздік күніне тұспа-тұс келген апталықтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан бері өмір белестерімен таныстыру, елін, жерін, ауылын құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу, елі үшін қызмет ететін Отансүйгіш, толерантты тұлға баулу. Апталық жоспары дүйсенбіде лездемеде таныстырылып, оқушыларға апта барысында әртүрлі шаралар өткізілетіні хабарлап айтылды.
5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік тұғыры» қабырға газеттер байқауы ұйымдастырылды.
Апта бойы «Желтоқсан желі ызғарлы...» тақырыбымен бейнефильмдер көрсетілімі, түрлі слайдтар, желтоқсан құрбандары жайлы танымдық мәліметтер мектеп залында көрсетілді.
1-7 сынып оқушылары «Тәуелсіздік – ел бақыты» сөзжұмбақ, ребустар шешті.
8-11 сынып арасында «Тарих- ғасырлар куәсі» интелектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында оқушылардың ұлттық тарихымызға, салт-дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.
Сонымен қатар 5 сынып оқушыларымен Зайсан аудандық мұражайға, Абай саябағына саяхат жасап, оқушылар демалып қайтты.

Апталық соңінда қорытындысын шығарып, лездемеде оқушыларды марапаттадық. Қабырға газеті байқауында 8 І орын, 7,9 сынып ІІ орын, 6,10 сынып ІІІ орын иеленді.
Сөзжұмбақ, ребустар шешуден 3сынып І орын, 6 сынып ІІ орын алды.
«Тарих- ғасырлар куәсі» интелектуалды сайысында Эверест тобы жақсы нәтижемен І орын, Жалын тобы ІІ орын, Зерделі тобы мен Көк бөрі тобы ІІІ орынды иеленді.
5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік тұғыры» қабырға газеттер байқауы ұйымдастырылды.
Апта бойы «Желтоқсан желі ызғарлы...» тақырыбымен бейнефильмдер көрсетілімі, түрлі слайдтар, желтоқсан құрбандары жайлы танымдық мәліметтер мектеп залында көрсетілді.
1-7 сынып оқушылары «Тәуелсіздік – ел бақыты» сөзжұмбақ, ребустар шешті.
8-11 сынып арасында «Тарих- ғасырлар куәсі» интелектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында оқушылардың ұлттық тарихымызға, салт-дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.
Сонымен қатар 5 сынып оқушыларымен Зайсан аудандық мұражайға, Абай саябағына саяхат жасап, оқушылар демалып қайтты.

Апталық соңінда қорытындысын шығарып, лездемеде оқушыларды марапаттадық. Қабырға газеті байқауында 8 І орын, 7,9 сынып ІІ орын, 6,10 сынып ІІІ орын иеленді. Сөзжұмбақ, ребустар шешуден 3сынып І орын, 6 сынып ІІ орын алды.