«Тәуелсіздік – елдігімнің белгісі» атты тарих апталығы
Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған апталықтың оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды. Тәуелсіздік күніне тұспа-тұс келген апталықтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан бері өмір белестерімен таныстыру, елін, жерін, ауылын құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу, елі үшін қызмет ететін Отансүйгіш, толерантты тұлға баулу. Апталық жоспары дүйсенбіде лездемеде таныстырылып, оқушыларға апта барысында әртүрлі шаралар