"Ұлы халықтың -ұлы Абайы" » КГУ 'Средняя школа Амангельды'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Амангелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлы халықтың -ұлы Абайы"
31
январь
2020

"Ұлы халықтың -ұлы Абайы"

31 қаңтар күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын, өлеңдерін, әндерін насихаттап, мәнерлеп оқуға, көркем сөйлеуге баулу
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.